Login

usercockpit

Футбол достық үшін

"Футбол достық үшін" халықаралық балаларға арналған әлеуметтік бағдарламасын "Газпром-балаларға" ғаламдық әлеуметтік бағдарламасының шеңберінде ФИФА және Футбол бойынша әлем чемпионаты 2018 ресми серіктесі "Газпром" КАҚ жүзеге асырады.

"Футбол достық үшін" бағдарламасы балалар футболын дамытуға, жасөспірімдер спорты мен салауатты өмір салтын дәріптеуге, әр түрлі елдердің балаларының арасында бейімділікке тәрбиелеуге және достықты нығайтуға бағытталған. Бағдарламаның басты құндылықтары: достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс, дәстүрлер және абырой. Бағдарлама алдыңғы қатарлы ғаламдық және ұлттық БАҚ, қоғамдық ұйымдар, танымал әртістер мен футбол жұлдыздары тарапынан жыл сайын артып келе жатқан қолдауға ие болады. Әлем бойынша 400 000-нан астам адам бағдарламаның пікірлестері болып табылады.

Бағдарламаның басты іс-шарасы 12 жастағы әлемнің әр түрлі елдерінен талантты футбол ойыншылары жиналатын "Футбол достық үшін" Халықаралық балалар форумы болып табылады. Футбол ойнай алатын мүмкіндіктері шектеулі балалармен қоса жігіттер мен қыздар бағдарламаны жүзеге асыру барысында негізгі жалпы адамгершілік құндылықтарды белсенді түрде дәріптейді. "Футбол достық үшін" бағдарламасы әлем бойынша жас амбассадорларды бағдарламаның құндылықтарын тиімді түрде дәріптеу форматтарына оқыту бойынша ғаламдық алаң ретінде белсенді дамып келеді.

2017 жылы бағдарламаға Еуропа, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Американың 64 елінен жас футболшылар қатысады: Әзірбайжан, Алжир, Аргентина, Армения, Бангладеш, Белоруссия, Бельгия, Болгария, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Гана, Германия, Грекия, Дания, Мысыр, Үндістан, Ирак, Иран, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Корея, Латвия, Ливия, Литва, Македония, Мексика, Мозамбик, Нидерланды, Новрегия, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Сирия, АҚШ, Тәжікстан, Танзания, Тайвань, Түрікменстан, Түркия, Украина, Уругвай, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Эстония, Жапония, ОАР.

Бағдарламаның 16-наурыздағы ресми басталуына орайластырылған Ашық жеребенің шеңберінде 64 жас футболшылар кездейсоқ жолмен 8 халықаралық араласқан Достық Құрамаларына жинақталады. Ашық жеребеден кейін 64 елде "Достық эстафетасы" басталады, оның шеңберінде ұлттық деңгейде жас амбассадорларды іріктеу жүргізіледі.

"Футбол достық үшін" бесінші (мерейтойлық) халықаралық балалар форумы Санкт-Петербургте 2017 жылдың 26 маусымнан 3 шілдесі аралығында өтеді. Форумның қонақтары турнирде бірінші орын үшін жарысқа түсетін 8 Достық Құрамаларының ішіндегі "Футбол достық үшін" 2017 Халықаралық чемпионатына қатысады.

Форумның барлық іс-шаралары БАҚ-та кең таралады. Жыл сайын Форумға қатысушы-елдердің алдыңғы қатарлы басылымдарының кәсіби журналисттері, сонымен бірге өз елдерінен жас амбассадорлармен бірге жүретін жас журналисттер келеді. Бағдарламаның шеңберінде жас журналисттер үшін бағдарламаның барлық белсенділіктерін жергілікті және ғаламдық деңгейлерде айқындау мақсатын көздейтін Халықаралық балалар баспасөз орталығы ұйымдастырылған.

Форум барлық қатысушылардың ФИФА 2017 Конфедерация Жүлдесінің финалына келуімен аяқталады.

2014 жылдан бастап жыл сайын "Футбол достық үшін" бағдарламасының шеңберінде 25 сәуірде Халықаралық футбол мен достық күні атап өтіледі. Бұл күні бағдарламаға қатысатын барлық елдер бағдарламаның ресми нышаны, бейімдіоік, теңдік пен салауатты өмір салтының белгісі- Білезіктермен алмасудан басталатын достық матчтарын өткізеді. Халықаралық футбол мен достық күніне танымал спортшылар, мәдениет қайраткерлері, журналисттер мен билік өкілдері қолдау көрсетеді.

Форумның шеңберінде арнайы жүлде- "Тоғыз қазына" Жүлдесі беріледі. Жүлдемен қайырымдылық, әлеуметтік бастамалар мен қоғам игілігі үшін жүзеге асырылған басқа да жобалар арқылы "Футбол достық үшін" бағдарламасының тоғыз қазынасына ең жоғары бейілділікті көрсеткен кәсіби футбол клубтарының бірі марапатталады. "Тоғыз қазына" Жүлдесінің бірегейлігі- жеңімпазды балалар, "Футбол достық үшін" бағдарламасының қатысушылары анықтайды.

 

Бағдарлама тарихы

 
Алғашқы Форум 2013 жылдың 25 мамырында Лондонда өтті және 8 еуропалық елден (Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Ресей, Сербия және Словения) жас спортшыларды жинады. Форум қатысушылары бағдарламаның негізгі құндылықтары көрсетілген ашық хатты дайындады: достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс және дәстүрлер. Елдердің өкілдері мен бағдарламаның ғаламдық елшісі Франц Беккенбауэр қол қойған хат әрі қарай халықаралық спорттық ұйымдардың басшыларына берілген болатын.

Екінші Форум 16 елден келген жас футболшыларды жинай отырып, өз географиясын екі есеге арттырды: Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Словения, Түркия, Украина, Франция және Хорватия. Форму 2014 жылдың 23-25 мамыры аралығында Лиссабонда өтті және "Футбол достық үшін" халықаралық қозғалысының көшбасшысын сайлаумен аяқталды. Форумға шақырылған барлық спортшылар қатысқан дауыс берудің нәтижелері бойынша қозғалыс көшбасшысы мен жақын жылда бағдарламаның негізгі құндылықтарын бастаушы Португалиялық Филипе Суарес болды.

Форумның шеңберінде көше футболы бойынша Халықаралық турнир бірінші рет өткізілген болатын. Турнирдің португалиялық "Бенфика" командасы жеңімпазы атанды, екінші орынды Сербиялық "Црвена звезда" алды және көшбасшылар үштігін Ресейдің құрама командасы тұйықтады.

2015 жылдың 4-7 маусымы аралығында Берлинде өткен "Футбол достық үшін" үшінші Халықаралық балалар форумы Еуропа мен Азиядан 24 елдің өкілдерін қошеметтеді: Австрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Польша, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Жапония. Азия елдерінен келген қатысушылар бағдарламаға тоғызыншы негізгі құндылық- абыройды енгізді.

Берлиндегі Форумда бірінші рет арнайы жүлде- "Тоғыз қазына" Жүлдесі ұсынылған болатын. Жеңімпаз "Барселона" ФК болды. "Барселона" ФК дауыс берген балалар жасөспірімдер футболын қолдау мен оның дамуы бойынша клубтың бастамаларын жоғары бағалаған, сонымен бірге "Барселона" ФК дамып келе жатқан елдердің жас футболшыларына деген көмегін атап өтті.

"Футбол достық үшін" төртінші халықаралық балалар форумы 2016 жылдың 26-29 мамыры аралығында Миланда өтті. Форумның қонақтары 32 қатысушы-елдердің командаларының ішінен көше футболы бойынша Халықаралық турнирге қатысты, сонымен бірге басқа елдерден өзінің құрдастарымен және бағдарламаның ғаламдық елшісі Франц Беккенбауэрмен қоса әлемдік футбол жұлдыздарымен сөйлесу мүмкіндігіне ие болды. Форум шеңберінде "Тоғыз қазына" Жүлдесін "Бавария" ФК табыстады. Сонымен бірге 2016 жылы "Тоғыз қазына" Жүлдесінің иесі "Футбол достық үшін" бағдарламасының Төртінші маусымының шеңберінде Сирияның атынан шыққан "АЛЬ-ВАХДА" командасы болды. Жүлдені беру салтанаты Сириядағы Дамаскте "Соғызсыз үш күн" деректі фильмінің көпшілік алдындағы тұсаукесерінің шеңберінде өтті. "АЛЬ-ВАХДА" клубының футболшылары "Футбол достық үшін" бағдарламасының құндылықтарына бейілділігі үшін және жеңіске деген ерігі үшін жүлдені алды.

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy