Login

usercockpit

Достық білезігі

Достық білезігі -бұл "Футбол достық үшін" бағдарламасының ресми нышаны, төзімділіктің, теңдіктің және салауатты өмір салтының белгісі. Білезік 2014 жылы жарияланған болатын және көк пен жасыл түсті екі жай ғана жіптен тұрады.

Көк түс бүкіл барлығына ортақ бірыңғай және әрбір адам үшін жақын, ашық, бұлтсыз, бейбіт және бейпіл аспанды білдіреді. Жасыл - бұл әлемнің әр еліндегі жасына, жынысына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық адамдар және әрқайсысы үшін бұлжымас және қолжетімді болып табылатын футбол алаңының түсі.

"Футбол достық үшін" бағдарламасына қатысушылар достық футбол матчтары және басқа да шаралар басталар алдында бір-бірімен Достық білезіктерімен алмасады. Достық білезігін байлау қатысушылардың достасуға және бағдарламаның негізгі құндылықтарын - әртүрлі елдердің уәкілдері арасында төзімділік пен достықты қолдауға дайын екендерін білдіреді.

"Футбол достық үшін" қозғалысының елшілері ретінде қатысушы балалар сонымен қатар мәдениет пен спорттың әйгілі қайраткерлеріне, журналисттерге және билік уәкілдеріне Достық білезіктерін сыйға тартады. Осылайша, Достық білезігі бағдарламалардың құндылықтарының ілгері басуына және "Футбол достық үшін" қозғалысының жаңа жақтаушыларын тартуға жағдай жасайды.

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy