Login

usercockpit

«Газпромның» «Футбол достық үшін» атты халықаралық балалар жобасының бесінші маусымы басталды

16.03.2017 ж. Гамбург, Германия. Бүгін «Газпром» — ФИФА және Футбол бойынша 2018 жылғы чемипионаттың ресми серіктесі — Санкт-Петербургте (Ресей) 26 маусым мен 3 шілде аралығында өткізілетін Халықаралық балалар әлеуметтік «Футбол достық үшін» жобасының Бесінші маусымы басталғаны жайында хабардар етті.

2017 жылы жобаның географиясы айтарлықтай кеңейді: қатысушы елдердің саны екі есе көбейді — 32-ден 64-ке дейін. Алғаш рет "Футбол достық үшін" жобасына Мексика және АҚШ балалары қатысатын болады. Осылай, жоба төрт континенттің жас футболшыларын біріктірді — Африканың, Еуразияның, Сотүстік Американың және Оңтүстік Американың.

Бесінші маусым жаңа үлгіде өтетін болады. Әртүрлі елдердің футбол клубтарын көрсеткен командалардың орнына жас футболшылар сегіз интернационалды құрамаларға - Достық Құрамаларына бірігетін болады.

Бүгін ашық жеребе тастау барысында құрамалардың елдік құрамы, сонымен қатар қатысушы елдердің уәкілдері үшін ойын жайғасымдары анықталған болатын. Ойыншылардың жеке іріктелуі "Достық эстафетасының" аясында өтеді. "Футбол достық үшін" жобасының халықаралық ұйымдастырушы комитеті футбол ұлттық федерацияларымен бірге өз елдерінің 2017 жылғы уәкілдері болып табылатын жас футболшыларды таңдайды. Сегіз адамнан тұратын командалар 12-14 жас аралағындағы ұл балалардан және қыз балалардан, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулілерденқұралатын болады.

Жеребе тарту рәсімі ғаламтор-конференция режимінде өтті. Рәсімге Достық Құрамаларының жас бапкерлері қатысты: Михаил Бабич (16 жас, Ресей), Рене Ламперт (15 жас, Словения), Стефан Максимович (15 жас, Сербия), Фелипе Соарес (17 жас, Португалия), Чарли Суи (12 жас, Қытай), Эльвира Херцог (16 жас, Швейцария), Игорь Грицюк (14 жас, Украина) және Брендон Шабани (15 жас, Ұлыбритания), сонымен қатар жобаның Халықаралық баспасөз орталығының уәкілі Лилия Матсумото (15 жас, Жапония).

 "Мен ойыншы ретінде 2016 жылдың маусымына қатыстым. Жобаның бір бөлігі болу - ол жобаның әрбір жас елшісі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын үлкен сәттілік деп санаймын. Егер мен 12 жаста болғанымда, мен жаңа маусымға қатысу үшін және көк алаңда басқа балалармен бірге допты тебу үшін бәрін істейтін едім!" - деді «Марибор» ФК жастар құрамының басты ойыншысы Рене Ламперт.

25 сәуірде бағдарламаға қатысушыларға Халықаралық Футбол және Достық күнін тойлау үшін он мыңдаған балалар мен ересектер қосылады. Олардың әрқайсысы жобаның ресми нышанын - көк және жасыл түсті жіптерден жасалған, теңдік пен салауатты өмір салтын ұстануды білдіретін Достық білезігін байлайтын болады.

1 шілдеде Санкт-Петербургте достық үшін Футбол бойынша Халықаралық Чемпионат өткізілетін болады, оның аясында алаңға ұлты, жынысы және физикалық мүкіндіктері әр түрлі жас ойыншылардан құрылған командалар шығады.

2 шілдеде Бесінші Халықаралық "Футбол достық үшін" Форумы өтеді, онда балалар әйгілі футболшылармен және журналисттермен бірге жоба құндылықтарының әр түрлі елдерде ілгерілеу мәселелерін талқылайды.

"Футбол достық үшін" жобасының бесінші маусымының аяқталуына орай Форумға қатысушылар «Санкт-Петербург Арена» стадионында өтетін Конфедерациялар Кубогы-2017 финалдық матчіне барады.

Дәстүрлі түрде, бүкіл маусым бойы Халықаралық балалар баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады. Жас журналисттер барлық негізгі шараларға ересек корреспонденттер қатарлы қатысатын болады.

«Газпром болашаққа мақсатталған жобаларды жүзеге асырады, ал «Футбол достық үшін» осыған сәйкес келеді. Төрт жыл ішінде қатысушы елдердің саны сегіз есе өсті. Осы жылы Санкт-Петербургте бүкіл төрт континеттердің жас футболшылары кездесетін болады. Бұл біздің әлеуметтік жобамыздың құндылықтары бүкіл жаһанның балалары мен жасөспірімдері үшін түсінікті және маңызды дегенді білдіреді»,— деді «Газпром» КАҚ Басқармасының Төрағасы Алексей Миллер.

«Газпром»-ның бастамасы— бүкіл әлемнің балаларына естілген болуларына мүмкіндік береді. Біз «Футбол достық үшін» жобасының мақсаттарын және негізгі құндылықтарын 100 пайызға қолдаймыз. Біз футбол бойынша FIFA-2018 Әлем чемпионатына дейін бағдарламаның ұйымдастырушылық комитетіне жәрдемдесуге өте қуаныштымыз", - деді ФИФА комммерциялық директоры Филипп Ле Флок.

Анықтама

"Футбол достық үшін" Халықаралық балалар әлеуметтік жобасын "Газпром-балаларға" бағдарламасының аясында КАҚ "Газпром" жүзеге асырады. Жобаның мақсаты - балалар футболын дамыту, әр түрлі елдердің балаларында әртүрлі мәдениеттер мен ұлттарға деген төзімділік пен құрметтеуді тәрбиелеу. Қатысушылар қолдайтын және ілгерілететін негізгі құндылықтар- достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс, дәстүрлер және ар.

Жобаның ең маңызды оқиғасы жыл сайынғы Халықаралық балалар "Футбол достық үшін" форумы болып табылады, онда бүкіл әлемнің жас футболшылары жиналады және БАҚ өкілдерімен және әйгілі футболшылармен бірге бүкіл әлемдегі құндылытардың сақталу мәселелерін талқылайды.

"Футбол достық үшін" жобасының арнайы марапаты- Тоғыз құндылықтар кубогы. Бұл жыл сайын жоба құндылықтарын іске асыратын әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыратын кәсіби футбол клубтарының біреуіне берілетін бірегей олжа. Жеңімпазды жобаның жас елшілері "Футбол достық үшін" жобасына қатысушы елдерде өтетін дауыс беру жолымен таңдайды.

Бүкіл әлемдегі мыңдаған қатысушылар жобаға жыл сайын қосылады. Жобаның жүзеге асырылу кезінде оның географиясы айтарлықтай кеңейді- 2013 жылы 8 елден 2017 жылы 64 елге дейін. Жүздеген жас футболшылар өз елдерінде "Футбол достық үшін" қозғалысының және оның құндылықтарының елшілеріне айналады. "Футбол достық үшін" жобасының нышаны - Достық білезігін - бүкіл әлемде 400 мыңнан астам адам, олардың ішінде балалар, ересектер, әйгілі спортшылар және журналисттер, әртістер, саясаткерлер мен әр түрлі елдердің президенттері тағып жүр.

2017 жылы жобаға қатысушы елдер: Австрия, Әзірбайжан, Алжир, Аргентина, Армения, Бангладеш, Беларусь, Бельгия, Болгария, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Гана, Германия, Греция, Дания, Мысыр, Үндістан, Ирак, Иран, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Корея, Латвия, Ливия, Литва, Македония, Мексика, Мозамбик, Нидерланды, Норвегия, Пакістан, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Сирия, АҚШ, Тәжікстан, Танзания, Түрікменстан, Түркия, Украина, Уругвай, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Эстония, Жапония, ОАР.

"Газпром" - жаһандық энергетикалық компания. Негізгі қызмет бағыттары- газды (оның ішінде мотор отыны ретінде), газ конденсатын және мұнайды геологиялық барлау, өндіру, тасымалдау, сақтау, қайта өңдеу және сату, сонымен қатар жылу мен электр қуатын өндіру және сату. Компания Ресейдің, Африка елдерінің, Таяу Шығыстың, Еуропаның, Латын Америкасының, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның территорияларында жұмыс істейді.

"Газпром" табиғи газдың қорының көлемі және оның өндірілуі бойынша әлемдегі ең ірі компания болып табылады, газ ресейлік тұтынушыларға және де 30-дан астам елдерге жеткізіледі. "Газпром" жетекші ресейлік мұнай өндірушілердің төрттігіне кіреді, жылу электр энергетикасында орнатылған құаттылықтың көлемі бойынша Ресейде бірінше орындыиеленеді, сонымен қатар жылу қуатын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып саналады.

Өндірістік қызметті белсенді дамытуымен бірге "Газпром" әлеуметтік жобаларға аса назар аударады. Компания халықаралық және бүкіл Ресейлік масштабтағы көптеген спорт ұйымдарына және шараларға қолдау көрсетеді.

артқа

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy