Login

usercockpit

Еуропа мен Азия «Достық үшін футбол» атты «Газпром» Халықаралық әлеуметтік балалар жобасында кездеседі

19.03.2015 - Бүгінгі таңда УЕФА Чемпиондар лигасының ресми демеушісі «Газпром» ААҚ «Достық үшін футбол» Халықаралық әлеуметтік балалар жобасының үшінші маусымын ашты. Жоба аясында бірнеше көлемді шара өткізіледі. 25 сәуірде барлық қатысушы-елдерде Халықаралық футбол және достық күні аталатын болады. 

Бүгінгі таңда УЕФА Чемпиондар лигасының ресми демеушісі «Газпром» ААҚ «Достық үшін футбол» Халықаралық әлеуметтік балалар жобасының үшінші маусымын ашты.

Жоба аясында бірнеше көлемді шара өткізіледі.

25 сәуірде барлық қатысушы-елдерде Халықаралық футбол және достық күні аталатын болады.

Маусымның 4-нен 7 дейінгі аралықта Берлинде көше футболы бойынша халықаралық турнир және Үшінші халықаралық «Достық үшін футбол» балалар форумы өткізіледі. Соңында форум қатысушылары Берлин олимпиялық стадионында (Olympiastadion) УЕФА Чемпиондар лигасының ақтық ойынына қатысады.

«Достық үшін футбол» үшінші маусымында жобаның географиясы айтарлықтай кеңиді. Жобаға алғаш рет Азияның жас футболшылары қатысады, ал қатысушы-елдердің жалпы саны 16-дан 24-ке ұлғаяды: Австрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Польша, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария және Жапония.

Біздің компаниямыздың басқа да әлеуметтік бастамаларымен қатар, «Достық үшін футбол» да жас ұрпақтың үйлесімді дамуына көмектесу үшін арналған. Біз балаларға салауатты өмір салты қызығушылық пен ортақ күшпен нәтижелерге жетуге талпыну қасиеттерін дарытқымыз келеді. Жоба негізінде достық пен басқа мәдениеттерге сыйлы көзқарас идеясы жатыр. Бұл қарапайым және мызғымас құндылықтар қоғамның берекесін анықтайды. Біз үшін «Достық үшін футбол» - бұл біріншіден болашаққа қосылатын үлес» - деді «Газпром» ААҚ Басқармасының Төрағасы Алексей Миллер.

«Биылғы жылы «Достық үшін футбол» Еуропа шекарасынан асып,еуропалық қатысушы-елдерге Қазақстан, Қытай және Жапонияның қосылғанын қуана атап өткіміз келеді. Бұл жалпы адамдық құндылықтар географиялық шектелмейтінін және әркімге жақындығын тағы бір рет куәландырады. Бірінші және Екінші «Достық үшін футбол» форумына қатысқан ұлдар мен қыздар өзара сыйластық рухына байып, теңдік пен салауатты өмір салты идеяларының жолсеріктеріне айналды. Олардың жанған көздері кез-келген сөзден шешен болды, және мен жобаға қатысатын жас спортшылар осы әлемді жақсартуға максималды күш салатынына сенімдімін», - деді жобаның ғаламдық елшісі Франц Беккенбауэр.

 

Анықтама

«Достық үшін футбол» халықаралық әлеуметтік балалар жобасын «Газпром – балалар үшін» бағдарламасы аясында «Газпром» жүзеге асырады. Жобаның мақсаты – балалар футболын дамыту, төзімділікті тәрбиелеу және әр түрлі елдер балаларының достығын насихаттау. Қатысушылар қолдап, насихаттайтын түйінді құндылықтары: достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс және дәстүрлер. Жобаның ғаламдық елшісі – әлемдік футбол аңызы Франц Беккенбауэр.

Жобаның басты оқиғасы жыл сайынғы «Достық үшін футбол» Халықаралық балалар форумы болып табылады, онда жетекші футбол клубтарының 12-ден 14 жас аралығындағы ойыншылары жиналады. Жобаның түйінді қағидалары 2013 жылдың 25 мамырында Лондонда өткен Алғашқы форумда 8 еуропалық елдің жас делегаттарымен құрастырылды. 16 елдің өкілін жинаған Екінші Форум 2014 жылдың 25 мамырында Лиссабонда өтті.

«Достық үшін футбол» форумын өткізу барысында жас футболшылар басқа елдерден келген құрдастарымен, сонымен қатар артақты спортшылар мен мәдениет қайраткерлерімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Форум жоба қатысушылардың УЕФА Чемпиондар Лигасының ақтық матчіне дәстүрлі түрде қатысуымен аяқталады.

артқа

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy