Login

usercockpit

Еуропа мен Азияның 24 елінен келген жас футболшылар «Футбол – достық үшін» Үшінші халықаралық балалар форумында кездесті

06.06.2015 - Бүгін Берлинде «Газпром» компаниясының «Футбол – достық үшін» әлеуметтік бағдарламасының аясында ұйымдастырылған Үшінші халықаралық балалар форумы болып өтті.

Бүгін Берлинде «Газпром» компаниясының «Футбол – достық үшін» әлеуметтік бағдарламасының аясында ұйымдастырылған Үшінші халықаралық балалар форумы болып өтті. Бағдарлама, балалар футболын дамытуға және балалар мен жасөспірімдер арасында адамзатқа ортақ құндылықтарды алға жылжытуға бағытталған. Іс-шараға Еуропа мен Азияның 24 елінен, яғни Австрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерландтар, Польша, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария және Жапония елдерінен келген жетекші футбол клубтарының жас ойыншылары қатысты.

Форумға қатысушылардың жалпы саны 670 адамды құрады. Жалпы 2015 жылы «Футбол – достық үшін» бағдарламасын әлемнің әртүрлі елдеріндегі танымал спортшылар мен мәдениет қайраткерлерін қоса алғанда 100 000-нан астам балалар мен ересектер қолдады.

Форум өткізілген уақытта балалар басқа елдерден келген құрдастарымен және әлемдік футболдың жұлдыздарымен, соның ішінде бағдарламаның жаһандық елшісі Франц Беккенбауэрмен сөйлесу, сондай-ақ Жасөспірімдер командаларының арасындағы көше футболынан халықаралық турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Форумның оқиғаларын жетекші әлемдік басылымдардың 200-ге жуық журналисті, сондай-ақ Халықаралық балалар баспасөз орталығының құрамына кірген, Еуропа мен Азиядан келген 24 жас репортер баяндады.

Бағдарламаның достық, теңдік, әділет, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіз, дәстүрлер және ар-намыс сияқты құндылықтарын жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Футбол – достық үшін» іс-шарасының жас қатысушыларынан УЕФА Чемпиондар лигасының кәсіби клубтарына табыс етілетін «Тоғыз құндылық» кубогымен марапаттау салтанаты Форумның кульминациясына айналды. Спорт қоғамдастығында теңдесі жоқ осы бірегей олжа алғашқы рет табыс етіліп отыр. Форум қарсаңында 24 қатысушы-елдің барлығында өткен жаһандық дауыс беру рәсіміне қатысқан балалар жеңімпазды анықтады. 

 Barcelona футбол клубы Кубок иегері атанды. Балалар, клубтың балалар футболын қолдау және дамыту бойынша бастамаларын, сондай-ақ дамып келе жатқан елдердің жас футболшыларына берген көмегін атап өтті.

Форум аяқталысымен барлық қатысушылар дәстүр бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының финалына қатысты.

 «Футбол – достық үшін» іс-шарасына қатысатын елдердің саны үш жылдың ішінде үш есе ұлғайды. Бағдарламаға қатысуға арналған өтінімдер әлі де түсіп жатыр. 2015 жылы жобаға Азия елдері қосылды, енді «Футбол – достық үшін» іс-шаралары бүкіл Еуразия құрлығында өткізіледі. Бағдарламаның құндылықтарын қолдайтындардың саны жыл сайын артуда. Әлемдік спорт қауымдастығының «Футбол – достық үшін» іс-шарасына үлкен қызығушылық танытуы және қолдау көрсетуі жобаның маңызды және көкейтесті екенін дәлелдеп отыр, біз өскелең ұрпақты тәрбиелеудің дұрыс бағдарын таңдадық және осы бағдарға болашақ байланысты болады», — деп айтты «Газпром» ААҚ Басқарма Төрағасы Алексей Миллер. 

 «Футбол – достық үшін» бағдарламасының керемет серпіні бар: жаңа іс-шаралар мен бастамалар ұдайы пайда болып тұрады, алға жылжу үдерісі байқалады. Үш жыл бұрын балалар жобаның құндылықтарын қалыптастырған болса, ал 2014 жылы Футбол мен достық күні және бағдарламаның ресми нышаны – Достық білезігі жарияланды, аталған білезікті әлемнің 26 еліндегі ересектер мен балалар тағады. Осы жылдың жаңалығы – игі іс атқарған ересек футболшыларға балалар тарапынан марапатталатын «Тоғыз құндылық» кубогы болды. Бұл арада балалар үлгі тұтар тұлғасын табады, ал ересектер болса әлеуметтік қызметті жалғастыруға ынталанады. Бұл керемет бастама болғандықтан, мен оны мақтанышпен қолдаймын, — деп айтты «Футбол – достық үшін» бағдарламасының жаһандық елшісі Франц Беккенбауэр.

артқа

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy