Login

usercockpit

«Газпром» «Достық үшін футбол» халықаралық балалар жобасының төртінші маусымын ашты

24.03.2016. Мюнхен, Германия. Бүгін «Газпром» КАҚ - УЕФА чемпиондар лигасының ресми демеушісі - «Достық үшін футбол» атты халықаралық балаларға арналған әлеуметтік жобасының төртінші маусымының басталғандығы туралы хабарлады.

Жыл сайын жобаның географиясы едәуір кеңеюде. Осы маусымда оған алғаш рет Африка және Оңтүстік Америка елдерінен жас футболшылар қосылуда, Азия елдерінен командалардың саны артуда. Өткен жылмен салыстырғанда «Достық үшін футбол» жобасына қатысушы елдердің жалпы тізімі 24-тен 32 дейін артты, ал жобаны іске асыра бастаған уақыттан бастап ол 4 есе көбейді. Осы жылы тізімге енетіндер: Австрия, Әзірбайжан, Алжир, Аргентина, Армения, Беларусь, Бельгия, Бразилия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Нидерланды, Польша, Ресей, Сербия, Сирия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Жапония.

Маусымның аясында бірнеше дәстүрлі іс-шаралар жүргізіледі: 25 сәуірде жобаның қатысушы елдерінде Халықаралық футбол және достық күні өтеді, 27 және 28 мамырда Миланда Көше футболы бойынша халықаралық турнир мен «Достық үшін футбол» халықаралық балалар форумы өтеді.

Форумның негізгі іс-шарасы – жобаның құндылықтарына ең зор шынайы берілгендігі үшін әлемдік кәсіби футбол клубтарының біріне «Достық үшін футбол» жобасының арнайы сыйлығын – Тоғыз құндылықтың кубогін беру болады. Форум аяқталғаннан кейін оның қатысушылары Миландағы Giuseppe Meazza (San Siro) футбол стадионында өтетін УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық ойынын көре алады.

«Достық үшін футбол» жобасы қатысушыларының және олардың өкілдік ететін елдерінің саны жыл сайын артып келеді. Бұл маусымды ғаламдық деп толық сеніммен атауға болады – жобаға алғаш рет Батыс жарты шарының елдерінен келген жас футболшылар қатысады. Олардың өзінің дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары бар, түрлі мәдениетте тәрбиеленген жасөспірімдер үшін «Достық үшін футбол» - ешқандай айырмашылықтарға қарамастан, бірін – бірі түсінуге және өзара сыйластыққа үйренуге тамаша мүмкіндік», - деді «Газпром» КАҚ Басқармасының Төрағасы Алексей Миллер.

«Достық үшін футбол» жобасының қатысушылары, тоғыз құндылығы бар кубокты табыстады. Бұл кубок қолында футбол добына ұқсас жер шарын ұстап турған жас футболистi бейнелейдi. Менiң ойымша бұл бейне футбол мен спортты, өскелең ұрпаққа толығымен жариялайды», - дедi «Достық үшін футбол» жобасының ғаламдық елшісі Франц Беккенбауэр.

«Достық үшін футбол» жобасына менің және менің достарымның мүмкіндік алғандығына, әр түрлі елдерден келген замандастарыммен танысуға және шынымен маңызды мәселелер туралы сөйлесе алатындығыма мен бақыттымын. Мен өмірді өзгерте алатындығымызға және оны жақсарта алатындығымызға сенемін», - деді Сириядағы жобаның жас қатысушысы Махер Шаабо.

артқа

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy