Login

usercockpit

Төртінші рет Бүкіләлемдік Футбол мен достық күні аталып өтіледі

26.04.2016. Мәскеу, Ресей. «Газпром» компаниясымен іске асырылатын «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» Халықаралық балалар жобасының төртінші маусымына қатысушылар Халықаралық футбол және достық күнін атап өтті. Мереке F4F бағдарламасына қатысатын барлық елдерде 25-ші сәуірде тойланады. Биыл мереке Африка, Азия, Еуропа мен Оңтүстік Американың 32 елінде атап өтіледі.

Бұл күні F4F бағдарламасына қатысушылар жас футболшылар әртүрлі спорт және медиа-шараларға қатысады. Жобаның жас елшілері ретінде олар өздерінің құрдастары мен таныстарының арасында бағдарламаның шешуші құндылықтарын ілгерілетеді: достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс, дәстүр және абырой.

Осы күн мен «Достық үшін футбол» жобасының нышаны толеранттылық, теңдік пен салауатты өмір салтын білдіретін білезік болып табылады. Білезік жасыл және көк түсті екі қарапайым жіптерден жасалған, мұндағы жасыл – бәріне қолжетімді футбол алаңын, ал көк – ашық аспанды білдіреді.

Халықаралық футбол мен достық күнінің барлық оқиғалары достық білезіктерімен алмасудан басталады, оны F4F бағдарламасының қатысушылары ғана емес, әртүрлі елдерде бағдарламаны қолдайтын танымал тұлғалар тағады. Биыл олардың қатарында - Луис Фернандес, Мартин Палермо және әртүрлі елдердегі басқа танымал спортшылар мен мәдениет қайраткерлері, оларға сондай-ақ соңғы он жыл ішінде бағдарламаға қолдау көрсетіп келе жатқан Дидье Дрогба, Дика Адвоката, Нету, Анатолий Тимощук, Дракслер мен басқалары қосылды.

Жер шарының төрт бөлігінде достық кездесулер, футбол турнирлері, жұлдызды футболшылармен ашық жаттығулар, қалалық мерекелер, БАҚ арналған іс-шаралар мен телевизиялық шоулар өткізілді. Жиыны бүкіл әлем бойынша 90 000 астам адам Халықаралық Футбол және Достық Күнін тойлауға тартылды.

«Достық үшін футбол» жобасының жаһандық елшісі, аты аңызға айналған Франц Беккенбауэр «Футбол мен достық күніне» қатысу үшін арнайы Мәскеу қаласына келді. Әлем жұлдызы биылғы жылдың мамыр айында Милан қаласында төртінші Халықаралық балалар Форумы мен «Достық үшін футбол» Турнирінде Ресейдің атынан өнер көрсететін Зенит ФК балалар құрамасымен кездесті. Сонымен қатар, Беккенбауэр мырза медиа-серіктестер бағдарламасының өкілдерімен кездесіп, Халықаралық футбол және достық күніне арналған Ресей ұлттық телевидениесіндегі арнайы телевизиялық жобаға қатысты.

«Бұл күн адамдарды жасы, жынысы, ұлты мен денсаулық жағдайынан тәуелсіз біріктіреді. Кез келген адам мерекені тойлау мен ойынға қатыса алады. Бұл күні біз музыканттар мен журналисттердің орнына «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» жобасын ілгерілететін мән-мағыналар мен алаңдарды бөлісетін балалар мен ересектерді, қыздар мен ұлдарды, спортшылар мен айрықша қажеттіліктері бар адамдарды көреміз» - деді Франц Беккенбауэр.

«Менің достарым және мен достық білезіктерін киеміз, себебі біз білезіктердің идеясыгжа жатқан құндылықтарды: теңдік, достық және бейбітшілік қиғадаларын бөлісеміз. Бүкіл жер шарындағы барлық адамдардың бізге қосылғанын қалаймыз. Барша үшін ашық және төзімді бола отырып, әлемді жақсарта аламыз деп санаймыз», - деп бөлісті «Достық үшін футбол» жобасы мен Зенит ФК жас қатысушысы Ярослав Михайлов. 

 

артқа

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy