Login

usercockpit

Негізгі адами құндылықтарға берілгедік бүкіл әлемдегі он мыңдаған адамдарды біріктірді

25.04.2017. Дүниежүзілік футбол күніне орайластырылған тыныштықты, достықты, теңдікті және салауатты өмір салтын түйістіретін іс-шаралар бүгін Еуропада, Азияда, Африкада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада басталды. Он мыңдаған балалар мен ересек адамдар достық матчтарына, ашық жаттығуларға, флэшмобтарға, телемарафондарға және спорт мерекелеріне қатысады. Бүкіл әлем бойынша қатысушыларға әйгілі футболшылар, бапкерлер, тележүргізушілер және әртістер қолдау көрсетеді. 

Тұңғыш рет Футбол және достық күні ФИФА және УЕФА қолдауымен өтетін «Газпром» КАҚ «Футбол достық үшін» Халықаралық балалар әлеуметтік бағдарламасының жас елшілерімен 2014 жылы жарияланған. Бұл күні теңдік, басқа мәдениеттерді құрметтеу және бейбіт қатар өмір сүру сияқты жалпы адами құндылықтарды құптайтын әрбір адам қолына көк-жасыл түсті достық білезігін байлайды. Білезіктің көк жібі бейбітшілік аспанын, ал жасылы жібі- әрқайсысына қолжетімді футбол алаңын білдіреді.

Биылғы жылдан бастап достық білезігін Аргентинадағы ТД жетекші продюсері Хьюго Тинелли, Қытайдағы ақпараттық агенттіктің бас редакторы Ксю Ли, Грекияның Олимпиада ойындарының үш мәрте жеңімпазы Димос Пирос, Сербияның әйгілі бапкері Миодраг Божевич, Нидерландылардан ФИФА жоғары санатты бапкері Кевин Блум таға бастады.

Іс-шараларға әйгілі футболшылар, оның ішінде сербиялық қорғаушы Бранислав Иванович және Зенит футбол клубының (Санкт-Петербург, Ресей) ресейлік қақпашысы Юрий Лодыгин, Фейендорф футбол клубының (Роттердам, Нидерланды) голландиялық шабуылшысы Дирек Куйт қатысты. Афинада өткен іс-шараға елдің ұлттық құрамасындағы 2004 жылғы фубол бойынша Еуропа чемпионатының жеңімпазы, Грецияның Еуропарламенттегі әрекет етуші мүшесі Теодорас Загаракис келіп кетті.

«Осы күннің бүкіл әлем адамдарының теңдік және бір-біріне құрмет көрсету қағидаларын ұстанатындықтарын көрсетуі және дәлелдеуі қажет болатын сәтке сай келуі аса маңызды. «Футбол достық үшін» осы мүкіндікті береді және жас ұрпақ арқылы адамдарды жыныстарына, жастарына және дене мүмкіндіктеріне қарамастан бейбітшілік пен достыққа үйретеді. Пәкістанның Футбол Федерациясы бағдарламаға жергілікті оператор ретінде шақырылғанына өте қуаныштымын. Келешекте финалды біздің елімізде өткізе аламыз және Пәкістанға бүкіл әлем балаларын шақыратымыз деп үміттенемін" - деп Фахад Хан өзінің сезімдерімен бөлісті, Пәкістанның Футбол Федерациясы.

Анықтама

Дүниежүзілік футбол және достық күні әлемнің 60-тан астам елдерінде, оның ішінде Ресейде, АҚШ-да, Бразилияда, Үндістанда, Қытайда, Германияда, Францияда, Алжирде, Сирияда, Иракта, Жапонияда және басқа елдерде тойланады. Өткізілген уақытта 400 мыңнан астам адам мерекелік шараларға тартылды. Әр түрлі жылдарда Дүниежүзілік футбол және достық күнін жүздеген футболшылар қолдады: әлем футболының аңызы Франц Беккенбауэр (Германия), африка континентінің тарихындағы ең мықты шабуылшы Дидье Дрогба (Кот дИвуар), мадридтық Реалдың әйгілі қорғаушысы Мичель Сольгадо (Испания), лондондық Арсеналдың бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин (Ресей), ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Витор Байа (Португалия) және футбол әлемінің басқа да жұлдыздары.

 «Футбол достық үшін» Халықаралық балалар әлеуметтік жобасын «Газпром» КАҚ 2013 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жоба әр түрлі ұлтты, әр түрлі жынысты, әр түрлі дене мүмкіндіктері бар балаларды біріктіреді. Достық, бейбітшілік және теңдік- «Футбол достық үшін» қатысушылары ілгерілететін негізгі құндылықтар. Жобаның мақсаты - балалар футболын дамыту, әр түрлі елдердің балаларын әр түрлі мәдениеттер мен ұлттарға деген төзімділікке пен құрметке тәрбиелеу. Қатысушылар қолдайтын және ілгерілететін негізгі құндылықтар- достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс, дәстүрлер және ар.

артқа

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy