Login

usercockpit

64 елден жиналған балалар достық үшін Футбол ойнады 

01.07.2017 Санкт-Петербург. Санкт-Петербургте «Газпром» ЖАҚ «Футбол достық үшін» халықаралық әлеуметтік балалар бағдарламасының бесінші маусымы аясында достық үшін футбол бойынша чемпионат өтті.

Чемпионат өз туының астына жас футболшыларды – 64 елден жиналған бағдарлама елшілерін біріктірді. 12 жастағы ұл балалар мен қыз балалар 8 халықаралық достық Құрамаларына біріктірілді, достықтың жаттықтырушы көпіріндегі Орынды жобаның алдыңғы маусымдарына қатысқан жас жаттықтырушылар иеленді.

27 маусым мен 29 маусым аралығында жас футболшылар спортшылардың футбол алаңында қарым-қатынастарын реттеуге, командалық тактиканы жасауға және командалық әріптесінің қолдауын сезінуге көмектескен жас жаттықтырушылардың жетекшілігімен және әйгілі футболшылардың қадағалауымен Достық Лагерінде болды.

1 шілдеде «Футбол достық үшін» Халықаралық балалар бағдарламасының бесінші маусымының футболшылары құрама командалардың құрамында футбол алаңының көк-жасыл көгалында кездесті және өз мысалдарында жынысына, физикалық мүмкінддіктеріне және нәсіліне қарамастан достасу мүмкін екенін бүкіл әлемге дәлелдеді.

«Маған бұл жер өте ұнайды, алғаш рет мен ойыншы ретінде қатыстым, ал бұл маусымда мен жас жаттықтырушының рөліндемін. Жаңа қызметім өте күрделі, үлгілі болып, өз командаңның барлық ойыншылары үшін көшбасшы болуың қажет. Болашақта спорттан өз орнымды табатыныма сенімдімін, бәлкім, жаттықтырушы боламын, бірақ менің қазіргі арманым - кәсіби футболшы болу» жалғыз қыз жаттықтырушы Эмеке Хенсен (16 жаста, Голландия) өз әсерлерімен бөлісті. 

Футбол жарысы басталардың алдында басты адами құндылық ретінде бейілділікті ұрандата отырып, Санкт-Петербургтың дөңгелектегі регби бойынша құрамасының Бас жаттықтырушысы Владимир Бусыгин жебере тастады.

 «Мұндай чемпионат балалар үшін өздерінің маңызды адами құндылықтарға адал екенін көрсетудің және ересек адамдардың әлемге деген көзқарасын өззертудің тамаша мүмкіндігі. Оларға қарап өзімді еске түсіремін: балалардың бойынша бізді біріктіріп отырған ойынға және футболға деген махаббат тұнып тұр» - дейді Владимир Бусыгин. 

Жеребе тарту бойынша, олимпиадалық жүйе бойынша өткен достық үшін футболдың алғашқы чемпионатында сары достық Құрамасы циан түсті достық Құрамасымен бірге ойнады, қызыл достық Құрамасы сарғылт достық Құрамасының жас футболшыларымен кездесті.

Ақ команда Жасыл құрамамен ойын өткізді, ал күлгін футболкадағы балалар көк түсті командамен кездесті. Аз ғана үзілістен кейін сарғылт және күлгін түсті командалар арасында жартылай финал мен финал өтті. Матч достық пен теңдікті ұрандатты. Ойын 4:3 есебімен Сарғылт команда спортшыларының пайдасына орай және финалдық сықырықтан кейін ойыншылардың досша қол алысуымен аяқталды.

«Газпром» ЖАҚ «Футбол достық үшін» Халықаралық әлеуметтік бағдарламасының бесінші маусымының жарыс бөлігінің шарықтау шегі финалға қатысушыларды марапаттаудың бірегей салтанаты болды. Команда капитандары бір-бірін медальдармен, марапаттау қағаздарымен және Ресей Футбол Одағының арнайы сыйлықтарымен марапаттады.

«Бүкіл әлемнен келген жас жеткіншектердің алаулап тұрған көздеріне қараған өте жағымды. Достық үшін футбол бойынша чемпионатта әр түрлі елдерден жиналған спортшылар үш күн ішінде нағыз командаларға бірікті. Балалар дәл ересектер секілді жеңіс үшін алысты, және менің ойымша, оларды жарқын болашақ күтіп тұр» - деді РФО вице-президенті, Ресей футбол Премьер-Лигасының президенті Сергей Прядкин.

Футбол ойнына қатыспаған жас футболшылар «Футбол достық үшін» бағдарламасының құндылықтарын қолдау ретінде бірнеше достық кездесулер өткізді. Жас спортшыларды жақтау үшін мыңнан астам адамдар жиналды, олардың арасында әйгілі футболшылар, соның қатарында бағдарламаның Ресейлік елшісі және Ресей футбол құрамасының тарихында ең үздік шабуылшы атанған Александр Кержаков және ұлттық команданың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов, алдыңғы қатарлы спорттық халықаралық БАҚ журналисттері және әлемдік футбол бірлестіктерінің өкілдері болды.

артқа

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy