Login

usercockpit

Санкт-Петербургте әлемнің 64 елінен келген жас футболшылардың қатысуымен «Футбол достық үшін» Бесінші Халықаралық балалар форумы өтті

03.07.2017. Санкт-Петербург. Санкт-Петербургте FIFA және футбол бойынша 2018 әлем Чемпионатының ресми серіктесі - «Газпром» ЖАҚ әлеуметтік бастамасы аясында «Футбол достық үшін» Халықаралық балалар форумы өтті. Іс-шараға әлемнің 64 елінен келген 1000-нан астам қонақтар- жас футболшылар (ұл балалар мен қыз балалар, соның қатарында мүгедектер), алдыңғы қатарлы халықаралық БАҚ журналисттері, футбол жұлдыздары, Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары, FIFA аңыздары, FIFA, Ресейдің Олимпиада Комитетінің және халықаралық балалар қайырымдылық қоларының жетекшілері, футбол федерацияларының басшылары қатысты. Бейбітшілік, теңдік және салауатты өмір салты бағдарламаның маңызды құндылықтары болып табылады.

«Футбол достық үшін» бағдарламасының бесінші маусымы Еуропа, Азия, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америка өкілдерін біріктіре отырып жаңа форматта өтті. Жеребе тастау нәтижелері бойынша маусым басында жас футболшылар сегіз Халықаралық достық құрамаларына біріктірілді. Командалар Санкт-Петербургте (Ресей) маусымның финалдық іс-шараларының аясында достық үшін футбол бойынша Халықаралық чемпионатта кездесті.

2017 жылы алғаш рет достық Эстафетасы - жас футболшылар мен барлық қатысушы-елдердің жас журналисттерін іріктеудің ұлттық кезеңдері басталған болатын. Нәтижелер мен қатысушылардың есімдері 25 сәуірде дәстүр бойынша бағдарлама қатысушыларына жүз мыңдаған балалар мен ересектер қосылып және тойлау барысында бір-біріне бағдарламаның ресми символы- Достық білезігін байлайтын футбол және достықтың Халықаралық күнінде жарияланған болатын. 

Бесінші маусым барысында «Футбол достық үшін» бағдарламасының Халықаралық балалар баспасөз орталығы жұмыс істеді, жас журналисттер өз елдерінде бағдарлама оқиғаларын хабардар етті- алдыңғы қатарлы халықаралық спорттық БАҚ үшін жаңалықтар мен материалдарды дайындады, «Футбол достық үшін» халықаралық ТД-арнасына, күнделікті балалар газетіне, бағдарламаның ресми радиоарнасына және балаларға арналған ғаламтор-ресурстарға арнап материалдарды дайындауға қатысты. Материалдар 43 тілде дайындалды. «Футбол достық үшін» Халықаралық балалар әлеуметтік бағдарламасының қорытынды іс-шараларына әлемнің 2 мыңнан астам журналисттері қатысты.

Чемпионатқа және Форумға дайындық аясында бүкіл әлемнің балалары мен ересектері Санкт-Петербургтегі спорттық-білім беретін үш күндік дайындыққа қатысты. Олар үшін жас жаттықтырушылардың жетекшілігімен футбол жаттығулары, әлемдік футбол жұлдыздарының шебер-сабақтары, тоғыз құндылық Мектебінің ойын сабақтары, Ресей Олимпиада Комитетінің басшылары мен елшілерінің сөйлеуімен Олимпиадалық сабақтар өткізілді.

Дәстүр бойынша «Футбол достық үшін» бағдарламасының қорытынды іс-шараларының барлық жас қатысушылары футболдық матчқа қатысады. Кеше балалар «Санкт-Петербург» жаңа стадионында өткен FIFA Конфедерациясы Кубогының финалында Чили және Германия құрамаларына қолдау көрсетті. 

«Біз жас футболшылар басты әрекет етуші тұлғалар болып табылатын жобаны жасадық. Біздің идеямызды көптеген спортшылар, журналисттер мен қоғамдық ұйымдар қолдады. Биыл «Футбол достық үшін» бағдарламасына қатысушы елдер саны рекордтық көрсеткішке жетті- 64 ел. Бұл бүкіл әлемдегі балалардың теңдік пен бейбітшілікке бейімділігін көрсетуге, және достықты дәріптейтін жас елші болуға мүмкіндік берді», — деді «Газпром» ЖАҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы Виктор Зубков өзінің құттықтау сөзінде.

«Біз FIFA және футбол бойынша 2018™ әлем Чемпионатының ресми серіктесі «Газпром» компаниясының бірегей бастамасына қуана отырып қолдау көрсетеміз. Форум – футболдың ұлдар мен қыздарға тең мүмкіндіктерді беретінінің тамаша мысалы, және FIFA миссиясы — осындай бастамаларға қолдау көрсету», — FIFA Бас Хатшысы Фатма Самура.

 

Анықтама

 «Футбол достық үшін» Халықаралық балалар әлеуметтік жобасын «Газпром» КАҚ 2013 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

Жобаның мақсаты- балалар футболын дамыту, әр түрлі елдердің балаларында әртүрлі мәдениеттер мен ұлттарға деген төзімділік пен құрметтеуді тәрбиелеу. Қатысушылар қолдайтын және ілгерілететін негізгі құндылықтар- достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс, дәстүрлер және ар.

Жобаның ең маңызды оқиғасы жыл сайынғы Халықаралық балалар "Футбол достық үшін" форумы болып табылады, онда бүкіл әлемнің жас футболшылары жиналады және БАҚ өкілдерімен және әйгілі футболшылармен бірге бүкіл әлемдегі құндылытардың сақталу мәселелерін талқылайды.

"Футбол достық үшін" жобасының арнайы марапаты- Тоғыз құндылықтар кубогы. Бұл жыл сайын жоба құндылықтарын іске асыратын әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыратын кәсіби футбол клубтарының біреуіне берілетін бірегей олжа. Жеңімпазды жобаның жас елшілері "Футбол достық үшін" жобасына қатысатын барлық елдерде өтетін дауыс беру арқылы таңдайды.

Бүкіл әлемдегі мыңдаған қатысушылар жобаға жыл сайын қосылады. Жобаның жүзеге асырылу кезінде оның географиясы айтарлықтай кеңейді- 2013 жылы 8 елден 2017 жылы 64 елге дейін. Жүздеген жас футболшылар өз елдерінде "Футбол достық үшін" қозғалысының және оның құндылықтарының елшілеріне айналады. «Футбол достық үшін» жобасының символы — Достыұқ білезігін — бүкіл әлем бойынша 400 мыңнан астам балалар мен ересектер, соның ішінде танымал спортшылар, журналисттер, әртістер, саясаткерлер, әр түрлі елдердің президенттері тағып жүр.

2017 жылы жобаға қатысушы-елдер: Австрия, Әзірбайжан, Алжир, Аргентина, Армения, Бангладеш, Беларусь, Бельгия, Болгария, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Гана, Германия, Греция, Дания, Мысыр, Үндістан, Ирак, Иран, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Корея Республикасы, Латвия, Ливия, Литва, Македония, Мексика, Мозамбик, Нидерланды, Норвегия, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Сирия, АҚШ, Тәжікстан, Танзания, Түрікменстан, Түркия, Украина, Уругвай, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Эстония, ОАР, Жапония.

Жобаның бесінші маусымы жаңа үлгіде өтетін болады. Әртүрлі елдердің футбол клубтарын көрсеткен командалардың орнына жас футболшылар сегіз интернационалды құрамаларға- Достық Құрамаларына бірікті. Сегіз адамнан тұратын командалар 12 жастағы ұл балалардан және қыз балалардан, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулілерден құралды. «Футбол достық үшін» жобасының Халықаралық ұйымдастырушылық комитеті ұлттық футбол федерацияларымен бірге әрбір елден бір өкілден таңдады.

артқа

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy