Login

usercockpit

"Тоғыз қазына" жүлдесі 

"Тоғыз қазына" жүлдесі- бұл жыл сайын Халықаралық балалар форумында кәсіби футбол клубтарының біріне берілетін "Футбол достық үшін" бағдарламасының арнайы сыйы.

"Тоғыз қазына" жүлдесімен "Футбол достық үшін" бағдарламасының барлық құндылықтарына ең жақсы шынайы бейілділік танытқандар марапатталады: достық, теңдік, әділдік, денсаулық, бейбітшілік, адалдық, жеңіс, дәстүрлер және абырой.

"Тоғыз қазына" Жүлдесіне лайық футбол клубын үш сатыда таңдайды: әлемдегі "Тоғыз қазына" Жүлдесін алу үшін қажетті сапаға ие болатын кез-келген футбол клубы үшін халықаралық дауыс беру, финалисттер тізімін қалыптастыру, "Футбол достық үшін" бағдарламасының құндылықтарын жоғарылататын жас елшілер ретінде шығатын бағдарламаға қатысушылардан жеңімпазды таңдау. Бағдарламаның барлық қатысушылары олардың пікірі бойынша тек спортта ғана емес, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда ең жақсы табысқа ие болатын клуб үшін дауыс береді.

Бұл клуб- тек футбол командасы ғана емес, бұл жас футболшылар жолын қууды қалайтын үлгі болып табылады. Негізінен балалар өскен кезде өздері болғысы келетін үлкендерді таңдайды. Бұл балалардың игі істер туралы түсініктерін көрсететін марапат, кәсіби клубтарды қолдайды және шабыттандырады және әрі қарай басқа адамдарға көмектесуге бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруды көрсететін марапат.

2015 жылы "Тоғыз қазына" Жүлдесін бірінші рет "Футбол достық үшін" бағдарламасы үшін жалғыз данада танымал неміс мүсіншісі Аким Рипперн дайындаған болатын.

Жүлде бірегей өнер туындысы болып табылады. Футбол добы формасындағы жер шарын қолында ұстап тұрған жас футболшының тұлғасы түріндегі мүсін өсіп келе жатқан ұрпақ сенетін және олар алдыға жылжытатын құндылықтарға тәуелді болатын ұрпақтың қолындағы болашақты білдіреді.

Алғашқы "Тоғыз қазына" Жүлдесі "Футбол достық үшін" Үшінші халықаралық балалар форумының шеңберінде "Барселона" футбол клубына берілген болатын. Клуб үшін дауыс берген балалар балалар футболын қолдау мен дамыту бойынша клубтың бастамаларын, сонымен бірге дамып келе жатқан мемлекеттердің жас футболшыларына көмегін атап өткен. "Футбол достық үшін" Халықаралық балалар форумының жас қатысушылары "Барселона" ФК Вице-президенті Рамон Понтуға жүлдені табыстады.

2016 жылы Аким Риппергер тағы бір "Тоғыз қазына" Жүлдесін жалғыз данада дайындады, оны Миландағы "Футбол достық үшін" Төртінші халықаралық балалар форумының барысында "Бавария" ФК ұсынды. Жүлдені клубтың құрметті президенті Франц Беккенбауэр қабылдады.

Сонымен бірге 2016 жылы "Тоғыз қазына" Жүлдесінің иесі "Футбол достық үшін" бағдарламасының Төртінші маусымының шеңберінде Сирияның атынан шыққан "АЛЬ-ВАХДА" командасы болды. Жүлдені беру салтанаты Сириядағы Дамаскте "Соғызсыз үш күн" деректі фильмінің көпшілік алдындағы тұсаукесерінің шеңберінде өтті. "АЛЬ-ВАХДА" клубының футболшылары "Футбол достық үшін" бағдарламасының құндылықтарына бейілділігі үшін және жеңіске деген ерігі үшін жүлдені алды.

2017 жылы жас амбассадорлар "Тоғыз қазына" Жүлдесі үшін бәйгеде үш финалистті таңдайды. Жеңімпаз 2 шілдеде Санкт-Петербургте өтетін Бесінші халықаралық балалар форумында жарияланатын болады.

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy