Login

usercockpit

қатысушылар "Достық үшін футбол " жобасы туралы

«Достық үшін футбол» балаларға арналған тамаша бастама. Жиі, адамдар біздің қабілеттерімізді жете бағаламайды, бірақ біз шындап жаттығудамыз және үздік ойыншы болуға, өз елімізді лайықты түрде көрсетуге тырысудамыз. Мен бізді таңдағандарына қуаныштымын және өздерінің елдеріндегі үздік замандастарыммен кездесуді асыға күтудемін, Алжирге жеңіспен оралатыныма үміттенемін».

Лотфи Маджэр, 14 жас, Алжир, Алжир

Алжир, 2016


Осындаймаңыздытурнирде «Боканың» өкілібөлубұлкез-келгенфутболистүшінқұрмет. Бұләлемніңтүкпіртүкпіріненкелгенжаңадостарментанысуүшінбірегейтәжірибеболыптабылады».

Алексис Гонзалес, 14 жас, Буэнос-Айрес, Аргентина

Аргентина, 2016


Мен өзімнің замандастарыммен танысуға және олармен футбол алаңында жарысуға мүмкіндік алғандығыма бақыттымын. Мен өскен кезде олармен ұлттық құрамалардың жарыстарында кездесемін және біз «Достық үшін футбол» турнирін бірге еске түсіреміз». Рубен Мартиросян, 14 жас, Ереван, Армения

Армения, 2016


«Достықүшінфутбол» жобасыаңызғаайналғанадамдардыкездестірудіңбірегеймүмкіндігінбереді. Мен футболдың әлемдік жұлдызы, халықаралық жобалардың елшісі Франц Беккенбауэрдың біздің Форумға келетінін білгенде өте қуандым. Біз оны көріп қана қоймай, енді сұхбаттаса да аламыз!»  

Андрей Потапенко, 14 жас, Борисов, Беларусь
Лиссабон, 2014 ж. 23 мамыр


«Бұл сапар балалар үшін өте пайдалы болды: олар түрлі мәдениетпен танысып, футболдың үнемі жеңуді қажет етпейтін ойын екеніне көз жеткізді. Ең маңыздысы алаңда кездестірген адамға деген сый-құрмет.»

Элин Топузаков, оқытушы, София, Болгария
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«Флуминенсе» ФК» жаттығуларында әлемдегі ең алдыңғы қатарлы әдістердің бірін: оқытудағы кешенді тәсілді пайдаланады, себебі адам неғұрлым жақсы болған сайын, соғұрлым жақсы ойыншы болады деп сенеді. «Достық үшін футболдың» құндылықтары «Флуминенсе» ФК» құндылықтарымен сәйкес келеді және бұл турнирде Бразилияға өкілдік етуге құрмет болып табылады, бұл спорт үшін де және әлемдегі барлық балалар үшін де маңызды».

Тиаго Мачедо, жаттықтырушы, «Флуминенсе» ФК, Бразилия

Бразилия, 2016


«Мен 10 жыл бойы футбол ойнаймын. Мен қорғаушымын, көбінде орталық қорғауда ойнаймын, және де кәсіби футбол ойнау, Греция жиынтық командасының мүшесі болып, УЕФА Чемпиондар Лигасын жеңу менің арманым. Мен осында жүргеніме өте қуаныштымын. Менің ойымша, ең бастысы достарға бай болу. Футбол мен үшін – бұл достық, бауырластық және денсаулық.»

Антонис Икономопулос, 15 жас, Афины, Греция
Лондон, 2013 ж. 25 мамыр


«Мен өзімді керемет сезінемін, себебі білім мен еңбекқорлық әрқашан мадақталатынын білемін. Осындай ерекше табыстың арқасында мен ағылшын тілінде сенімді жазып, сөйлей білдім. Мен спорттың дамуына қатысатыным үшін шексіз қуаныштымын. Мен қызығушылықтары ұқсас бүкіл Еуропа адамдарын кездестіріп, жаңа достар тауып, сапардан кейін де олармен қарым-қатынасты үзбеуді жоспарлаймын.»

Ана Зебек, 14 жас, Чепин, Хорватия
Лиссабон, 2014 ж. 23 мамыр


«Осы демалыс күндері ұмытылмастай өтті. Біз айбынды қалада ұлы адамдармен керемет жұмыс істедік. Бұл ғажайып қалада мен мен таңғаларлық адамдарды кездестіріп, достастым, жан түршігерлік ойын көрдік, ал қазір мен өзімнің репортерлық жұмысымды жақсы көретінімді түсіндім, себебі бұл өте қызықты жұмыс. Болашақта осындай тәжірибелер көп болатынына сенемін.»

Валентин Пэйс, 13 жас, Таверни,Франция
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«Менің елімде түрлі футбол дәстүрлері құрметтеледі. Мен өскенде, өз елім үшін халықаралық дәрежеде ойнауды армандаймын. Ал қазір мен түрлі елдердің балаларын жақындастыратын осы «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» халықаралық жобасында Германия үшін мақтан етемін.»

Робин Флейк, 13 жас, Гельзенкирхен, Германия
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«Түрлі елдердің балаларын кездестіру өте қызықты болды. Сондай-ақ, біздің команданың балалары керемет достасу мүмкіндігіне ие болды. Біз осы күндерді естен шығармаймыз, және де мен келесі жылы «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» жобасының басқа қатысушыларымен футбол ойнау мүмкіндігіне сенемін.»

Марсель Ковакс, 12 жас, Будапешт, Венгрия
Лондон, 2013 ж. 25 мамыр


«Футбол менің елімде өте танымал. Көптеген итальяндық клубтар мен ойыншыла үлкен жетістіктерге ие. Бұған миллиондаған адамдардың ойынға адалдығы себепкер. Біз осы жылы «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» жобасына қатысатынымызға өте қуаныштымын және біз футболдысүйетін басқа елдер балаларымен таныса аламыз!»

Давид Палья, 14 жас, Рим, Италия
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«Мен «Достық үшін футбол» балаларға арналған әлеуметтік бағдарламасына біздің клубтың қатысуына және теңдік, достық, әділдік, бейбітшілік және тағы басқалары сияқты бағдарламаның негізгі құндылықтарымен балалардың танысуына мүмкіндік бергені үшін «Газпром» компаниясына алғыс айтамын».

Олег Холковский, «Дордой» ФК жастар командасының жаттықтырушысы, Бішкек, Қырғызстан

Қырғызстан, 2016


«Менің ойымша спорттық рух және басқа мәдениеттер мен ұлттарға құрмет көрсету өте маңызды. Мен үшін адамның тері түсі мен ұстанатын діні маңызды емес. Мені «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» жобасына көпшілдігім үшін таңдады. Маған басқа адамдарға көмектескен ұнайды.»

Тесса Грашей, 13 жас, Алкмар, Нидерланды
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«Біздің команда «Газпромның» «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» Халықаралық әлеуметтік жобасына қатысқанына қуаныштымыз. Біздің балаларымызға басқа елдегі құрдастарымен танысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі туды.»

Адам Кухарчик, жаттықтырушы, Варшава, Польша
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» Форумы кезінде тек басқа елдердегі құрдастарымызбен ғана араласып қоймай, шынайы жарысқа қатыса алатынымыз тамаша. Мен 16 елдің командаларымен соккерлердің көше алаңында кездескеніме өтеқуагыштымын!»

Филипе Суарес, 13 жас, Лиссабон, Португалия
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» Форумы әлемді көруге, УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына қатысуға және кәсіби ойыншылардың ойындарын тамашалауға мүмкіндік береді. Бұл сондай қызықты! Жалпы жоба түрлі қалалар мен елдердің балаларына көмектеседі. «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» шынымен де менің өмірімді өзгертті. Футбол мен үшін хоббиден маңызды, қазір менің қызығушылығым тек футболда деп шештім.»

Станислав Кутлияров, 14 жас, Екатеринбург, Ресей
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» Форумының көпшілік қатысушылары футболды кәсіби ойнайды. Барлығымыз тамаша мансапты армандаймыз және ең маңыздысы – бұл денсаулық екенін түсінеміз!»

Марко Янкович, 13 жас, Белград, Сербия
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«Татулықты сақтау құндылығын нығайтатын «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» жобасына қатысуыма қуаныштымын. Бізжаспыз, бірақ өмірімізде барлығына әсер ететін сәттердің болатынын түсінеміз. Дәл осылай ойлайтын басқа елдердегі құрдастарымызбен танысуға асығыспыз!»

Рок Фрезер, 13 жас, Марибор, Словения
Лиссабон, 2014 ж. 23 мамыр


«Сирия әрқашан өмірді, бейбітшілік пен футболды жақсы көретін ел болатын. Және біз үшін бұл осы ғаламдық іс-шараның барлық қатысушыларына футбол арқылы бейбітшілік үндеуімізді жеткізетін тамаша мүмкіндік. Біз төзімділік пен жайлы өмір сүруді қолдайтындығымызды, өзіміздің мәдениетімізді лайықты түрде көрсете аламыз деп үміттенеміз. Бұл «Достық үшін футбол» бағдарламасына шақырту алмағанда мүмкін болмас еді, ол үшін шексіз алғысымызды білдіреміз».

Кутейба Аль-Рефай, Аль-Вада ФК пресс-атташе, Дамаск, Сирия


«Менің ұлым «Галатасарай» клубының футболкасын киіп, жоғары түсінікпен Түркия туын көтеріп келе жатқаны үшін мен мақтан етемін. Сізге және барлығына ұлыма, менің жанұяма осы тәжірибе үшін шексіз алғыспыз. Обеннің ең бірінші айтқаны: «Әке, бұл өте әсерлі болды». Біздің «Газпромға», «Галатасарай» клубының футбол академиясына және жастар командасының жаттықтырушыларына барлық алған әсерлеріміз үшін алғысымыз шексіз.»

Деха Сарачолу, Обен Сарачолудың (қатысушы) әкесі, Стамбұл, Түркия
Стамбұл, 2014 жылғы 12 маусым


«Біз «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» жобасының бір бөлігі болуымызға, біздей футбол сүйетін Еуропа елдеріндегі құрдастарымызды кездестіріп, жаңа достарға ие болуымызға қуаныштымыз!»

Евгений Архипов, 13 жас, Киев, Украина
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«Футболда біз, жеңіс – бұл бірлескен жұмыс нәтижелері екенін түсінеміз. Барлық ойыншылар өздерін алаңда көрсете отырып, сонымен бірге бір команда болып ойнауы тиіс. Тек сол кезде жеңіске жетуге болады. «ДОСТЫҚ ҮШІН ФУТБОЛ» осы идеяны ұстанады, сондықтан біз де осындамыз».

Луи Аннесли, 14 жас, Лондон,Ұлыбритания
Лиссабон, 2014 ж. 24 мамыр


«Мен біздің осындай ауқымды бағдарламаның бөлшегіне айналғандығымызға толқудамын. Біздің Вьетнамға өкілдік етуіміз және әлемнің түкпір-түкпірінен келген басқа да жастар командаларына қосылуымыз үлкен құрмет. Мен және командадағы менің достарым әлемдік футболға вьетнам жастар футболын жақындатуға үміттене отырып, алдағы турнирге шындап жаттығудамыз. Біз жақын болашақта барлығы вьетнам футболы туралы көбірек білетіндігіне және біз осы сияқты халықаралық достық матчтарына қатысуға мүмкіндіктің көбірек болатындығына үміттенеміз».

Нгуен На Мин, 13 жас, Плейку, Вьетнам

Вьетнам, 2016

GLOBAL MEDIA PARTNER

GENERAL MEDIA PARTNER

SPECIAL LANGUAGE PARTNER

LOCAL MEDIA PARTNER

This website uses cookies to enhance usage, for web analysis, advertising purposes and to integrate social media. You hereby give consent for this website or third-party suppliers to place cookies on your device. For more information please see our privacy policy